Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 283 шешімі мен Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 161 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын: 

Бозанбай ауылдық округінің Ақжартас ауылы;

Бозанбай ауылдық округінің Қызылсу ауылы;

2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

Бозанбай ауылдық округінің Ақжартас қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Бозанбай ауылдық округінің Бозанбай ауылының құрамына;

Бозанбай ауылдық округінің Қызылсу қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Бозанбай ауылдық округінің Бозанбай ауылының құрамына енгізілсін.

2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі Д. Ахметов 
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 23.08.2019 / 29.08.2019