Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Күршім және Шемонаиха аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Көкпекті ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/7 шешімі мен Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 қазандағы № 333 қаулысының, «Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы  № 20/4-VІ шешімі мен Күршім ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 55 қаулысының, «Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Күршім аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 38/3-VІ шешімі мен Күршім ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 198 қаулысының, «Шемонаиха ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 42/4-VI шешімі мен Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 225 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көкпекті ауданы бойынша:

1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын: 

Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылы;

Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Малая Буконь ауылы;

2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

Биғаш ауылдық округінің Комсомол қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Биғаш ауылдық округінің Егінбұлақ ауылының құрамына енгізілсін;

Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Малая Буконь қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Қойгелді Аухадиев ауылдық округінің Үкіліқыз ауылының құрамына енгізілсін;

Күршім ауданы бойынша:

1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын: 

Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай ауылы;

Күршім ауылдық округінің Діңгек ауылы;

Қалғұты ауылдық округінің Жылытау ауылы;

Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы;

Марқакөл ауылдық округінің Тентек ауылы;

2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының құрамына енгізілсін;

Күршім ауылдық округінің Діңгек қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Күршім ауылдық округінің Күршім ауылының құрамына енгізілсін;

Қалғұты ауылдық округінің Жылытау қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Қалғұты ауылдық округінің Қаратоғай ауылының құрамына енгізілсін;

Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Құйған ауылдық округінің Қайнар ауылының құрамына енгізілсін;

Марқакөл ауылдық округінің Тентек қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Марқакөл ауылдық округінің Марқакөл ауылының құрамына енгізілсін;

Шемонаиха ауданы бойынша:

1) Октябрьский ауылдық округінің Садовое ауылы таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын;

2) Октябрьский ауылдық округінің Садовое қонысының аумағы шекаралары өзгертіле отырып Октябрьский ауылдық округінің Октябрьский ауылының құрамына енгізілсін.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкімі Д. Ахметов

Сессия төрағасы Р. Джангурчинов

Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.08.2019 / 20.08.2019