Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, «Семей қаласының көшелерін қайта атау жөніндегі ұсыныстарды енгізу туралы» Семей қаласы әкімдігінің  2018 жылғы 23 шілдедегі № 1362 қаулысы және Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 27/179-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 9 тамыздағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Краснознаменная көшесі Баян Байғожина көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс  әкімі Д. Ахметов

Сессия төрағасы Р. Джангурчинов

Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.08.2019 / 16.08.2019