Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 209 «2019-2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 13418 болып тіркелген) 3-тарауының 21-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 209 «2019-2020 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6040 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2019 жылғы 13 шілдеде «Дидар», 2019 жылғы 13 шілдеде «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 3 қосымшасы осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулының 4 қосымшасы осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасысының Заннама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.07.2019 / 29.07.2019