Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 313 «Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 274 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 18656 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 313 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4309 болып тіркелген), 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 25 қаңтардағы, 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Дидар», 2016 жылғы 23 қаңтардағы, 2016 жылғы 26 қаңтардағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған, қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақта:

2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«2) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін;»;

3), 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;

келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын;

«7) «Кен іздеушілікке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;

аталған қаулымен бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «Кен іздеушілікке арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.

2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің индустрияландыру және инвестициялар мәселелері жөніндегі бірінші орынбасары – арнайы орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.07.2019 / 05.08.2019