Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 104 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 11223 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 104 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5024 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 23 мамырда «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы:

309-324-ші реттік нөмірлер мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

309

Азотқышқылды калий (калий нитраты)

N 13,7%, K2O 46,3%

кг

282,5

310

Калий сульфаты

(күкіртқышқылды калий)

K2O 52%, SO4 53%

кг

257,5

311

Карбамид

N 46,2%

кг

80,5

312

YaraTera SUPER FK 30

P2O 18,8%, K2O 6,3%, Na2O 5,8%

л

495

313

Аммофос

N 12%, P 52%

кг

133

314

Моноаммонийфосфат тазартылған

N 12%, P2O 61%

кг

263

315

Yara Vita Mantrac Pro

N 3,8%,

Mn 27,4%

л

1944,5

316

Нитроаммофоска (азофоска), NPK 20:10:10+S маркалы

N 20%, P2O10%, K2O 10%,S 4%

кг

71

317

КАС-32 маркалы сұйық азотты тыңайтқыш

N 32%

кг

58

318

Органоминералдық тыңайтқыш HumiPro

Макро және микроэлементтер

л

 

319

Органоминералдық тыңайтқыш VitaePro

Макро және микроэлементтер

л

 

320

Азотты-фосфорлы-калийлі кешенді тыңайтқыш (NPK тыңайтқыш) 5:14:14

N-5%, P2O-14%, K2O-14%

 

тонна

 

60 000

321

АМ маркалы лигногумат

Макро және микроэлементтер

л

3750

322

БМ маркалы лигногумат

Макро және микроэлементтер

л

900

323

ВМ- NPK маркалы лигногумат

микроэлементтер

л

900

324

Б СУПЕР БИО маркалы лигногумат

микроэлементтер

л

900

2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына  жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі                                                                            Д. Ахметов

 

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 30.04.2019 / 30.04.2019