Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 953 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 18138 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4351 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы16 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 15 ақпанда «Дидар», 2016 жылғы 13 ақпанда және 2016 жылғы 16 ақпанда«Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысында 1 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

2) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 243 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде4662 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде, 2016 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысында:

аталған қаулымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалардыбасқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау  басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан көшірмелерін Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдануын;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегіорынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.03.2019 / 18.03.2019