Қаулы жобалары

«Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі  № 263 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жоба

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

1. «Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы
5 қыркүйектегі № 263 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5676 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы
28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы
11 қазандағы «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері белгіленсін.»;

осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 07.03.2019 / 15.04.2019