Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес және «Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы    8 ақпан № 46 қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының жалпы ауданы 94,8173 гектар, соның ішінде 18,9429 гектар елдi мекендер жерлері, 8,513 гектар өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер, 67,3614 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Өскемен қаласының шегіне берумен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекаралары өзгертілсін.

2. Өскемен қаласының және Глубокое ауданының әкімдері жер-есебі құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.

3. Осы шешім және қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 27.02.2019 / 27.02.2019