Қаулы жобалары

«Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4531 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде және  2016 жылғы 20 мамырдағы «Дидар», 2016 жылғы 19 мамырдағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

осы қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларында:

көрсетілген қағидаларға 5 қосымшада:

инновациялық жобаны іске асырудың үлгілік шартында:

3.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3.2. Орындаушының қызметі Тапсырыс берушiмен мынадай тәртiппен төленедi:
Тапсырыс берушi шарт сомасының 30%-ын алдын ала, аталған бағдарлама бойынша ағымдағы жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес, осы шарт Қазынашылық органдарында тiркелген сәттен бастап 10 (он) банктiк күн iшiнде төлейдi;
келесі төлем ай сайын нақты көрсетілген қызметтер бойынша, Орындаушы ұсынған көрсетілген қызметтерге шот-фактура мен актiнің негізінде аванс толық өтелгеннен кейін жүргiзiледi.

Орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығына, соның ішінде көрсетілген қызметтер актілеріне жауап береді».

2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі  көшірмесінің  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің  эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық  ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарда ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 26.02.2019 / 26.02.2019