Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

 

Жоба

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінжәне оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасынасәйкес,бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін,Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға қосымшаға сәйкесШығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Д.А. Игыбаевқа беріліп отырған кадастрлық № 05-085-048-11858 жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Д.А. Игыбаевқа беріліп отырған кадастрлық № 05-085-048-11858 жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманыҚазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласыәкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының                                                            Д. Ахметов

әкімі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Су ресурстары комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік

инспекциясының басшысы

______________ Қ. Баймағамбетов

2019 жылғы «___»_______________

 

Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов әкімі

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.06.2019 / 11.06.2019