Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының және Жарма ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Знаменка ауылы мен Знаменка ауылдық округін қайта атау жөніндегі ұсыныстарды енгізу туралы» Семей қаласы мәслихатының  2018 жылғы  23 шілдедегі № 27/180-VI шешімі және Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1363 қаулысы, «Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданының ауыл атауларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қазандағы № 26/227-VI шешімі және Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 295 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы  және 2018 жылғы  29 қарашадағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының және Жарма ауданының  кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:

Семей қаласы бойынша:

Знаменка ауылдық округінің Знаменка ауылы Көкентау ауылы болып;

Знаменка ауылдық округі Көкентау ауылдық округі болып;


Жарма ауданы бойынша:

Қапанбұлақ ауылдық округінің Қызылжұлдыз ауылы Төлеуғали Әбдібеков ауылы болып қайта аталсын.

 

2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов әкімі

Сессия төрағасы Е. Нұрбаев

Облыстық мәслихаттың Хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.01.2019 / 22.01.2019