Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996ж.,  №11, 81-б.) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша №1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне– Жақсылық Үшкемпіровтің есімі;

2) Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Қажымұқанның есімі;

3) Өскемен қаласы әкімдігінің «№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне –Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі  берілсін.

2. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) «Киров атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Киров  жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Октябрь мектеп–балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Аққала мектеп–балабақша кешені;

5)«Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Маяковский атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Биғаш негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Ново-Тимофеевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Көкпекті ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сарыбел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.12.2018 / 19.12.2018