Қаулы жобалары

«Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің2015 жылғы 11 тамыздағы №205қаулысына өзгерістеренгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының3-тармағына, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2018 жылғы 18 мамырдағы №212 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі17055) сәйкесШығыс Қазақстан облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 205 қаулысына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4139, 2015 жылғы 8қазанда «Дидар», 2015 жылғы 7қазанда «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталғанқаулымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады».

9-тармағындағы 4-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация Стандарттың 10 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

2. Облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оныңқазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 07.12.2018 / 07.12.2018