Қаулы жобалары

«Шығыс Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 34) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шығыс Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 120 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5638 нөмірі бойынша тіркелген, 2018 жылғы 9 маусымдағы, 2018 жылғы 12 маусымдағы «Дидар», 2018 жылғы 9 маусымдағы, 2018 жылғы  19 маусымдағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған):

1) аталған қаулымен бекітілген Өскемен және Риддер қалаларында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау, су бұру бойынша коммуналдық қызметтерінің тұтыну нормалары осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) Шығыс Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау, су бұру бойынша коммуналдық қызметтерінің тұтыну нормалары осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес нормалармен толықтырылсын.

2. Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік  қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 28.11.2018 / 28.11.2018