Қаулы жобалары

«Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 Жоба

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 2), 4) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 9 қарашадағы № 733, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулыларының негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы»   Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4492 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 мамырдағы № 54 (19806) «Рудный Алтай», 2016 жылғы 13 мамырдағы № 54 (17294) «Дидар» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінен 8 жол алынып тасталсын;

аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 29 жолмен толықтырылсын:

« 29 Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны».

2.  Облыстың мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдануын;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.11.2018 / 19.11.2018