Қаулы жобалары

«2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литр, килограмм) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 261 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13717) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 3-3-5/20277-1 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литр, килограмм) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 261 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5675, 2018 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі, 18 қыркүйектегі «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

148

Имазамокс 16,5 г/л+ Имазапир 7,5 г/л

   
 

Евро-лайтнинг Плюс, 2,4 % в.р.к.

литр

2 543,1

149

Феноксапроп-п-этил, 140 г/л + клодинафоп-пропаргил, 90 г/л+ клоквинтоцет-мексил (антидот), 60 г/л

   
 

Кугар, к.э.

литр

2 800,0

150

С-метолахлор, 960 г/л

   
 

Метал Плюс 960, к.э.

литр

2 415,0

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 31.10.2018 / 01.11.2018