Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Скачать

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2 -тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4550, 2016 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 11 маусымдағы «Дидар», 2016 жылғы 9 маусымдағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 5-1 қосымшаларға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) айқындалсын.»;

осы қаулығақосымшаға сәйкес 5-1 қосымшасымен толықтырылсын;

2) «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы»Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 268 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5678, 2018 жылғы 3 қазанда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2018 жылғы 9 қазандағы «Дидар», 2018 жылғы 9 қазандағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған):

4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.».

2. Облыстыңжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1 - тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Е. Аймукашев

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 26.10.2018 / 31.10.2018