Қаулы жобалары

Бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты және құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өзара сақтандыру қоғамының ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 2-1-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпараттың және құжаттардың мынадай нысандары белгіленсін:

1) осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасау туралы ақпарат;

2) осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес күшіне енген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттары туралы аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), сақтанушылар кесіндісінде ақпарат;

3) осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес күшіне енген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттары туралы аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) кесіндісінде ақпарат;

4) осы қаулыға 4 қосымшаға сәйкес сақтандыру жағдайлары туралы аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) және сақтанушылар кесіндісінде ақпарат;

5) осы қаулыға 5 қосымшаға сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайлары туралы аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) кесіндісінде мәліметтер.

2.     Ақпаратты және құжаттарды ұсынудың мынадай мерзімдері белгіленсін:

1)     сақтанушы – көктемгі-күзгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін және міндетті сақтандыру туралы тиісті шарт жасалғаннан кейін 30 күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасына және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерге;

2)     сақтандырушы және өзара сақтандыру қоғамы – апта сайын әр бейсенбіде агентке, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасына және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерге;

3)     агент – апта сайын әр бейсенбіде Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасына және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктерге.

3. «Бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты және құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өзара сақтандыру қоғамының ұсыну нысандарымен мерзімдерін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3905, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 47 «Дидар», 2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 48 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Облыс әкімінің аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.10.2018 / 03.10.2018