Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Скачать

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 16628 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4161 нөмірімен тіркелген) қаулысында:

аталған қаулымен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2) «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 186 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4614 нөмірімен тіркелген) қаулысында:

аталған қаулымен бекітілген «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. Облыстың туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелері облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 28.09.2018 / 28.09.2018