Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое, Бородулиха  аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/14-VI шешімі және Глубокое  аудандық  әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 142 қаулысы, «Бородулиха ауданының елді мекендері мен елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы  28 маусымдағы № 23-7-VI шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 144 қаулысы негізінде облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Бородулиха аудандарының  кейбір әкімшілік–аумақтық бірліктері:

Глубокое ауданы бойынша:

Калинин ауылдық округі  Берёзовка ауылдық округі болып;

Киров ауылдық округі  Ертіс ауылдық округі болып;

Куйбышев ауылдық округі  Быструха ауылдық округі болып;

Фрунзе ауылдық округі Тархан ауылдық округі болып;

Бородулиха ауданы бойынша:

Құнарлы ауылдық округінің Вторая Пятилетка ауылын Жарбұлақ ауылы болып;

Подборный ауылдық округінің Романовка ауылы Жақсылық ауылы болып қайта аталсын.

2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы  Б. Нұрасыл
Облыс әкімі  Д. Ахметов 
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.09.2018 / 24.09.2018