Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы
25 мамырдағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір көшелері:

Ленин көшесі – Мәңгілік Ел көшесі;

Полковничий аралы көшесі – Бейбітшілік аралы көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы  Б. Нұрасыл       
Облыс әкімі  Д. Ахметов 
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.09.2018 / 24.09.2018