Қаулы жобалары

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына  толықтырулар енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты  үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 22 шілдедегі «Дидар», 2014 жылғы 21 шілдедегі, «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
«Өскемен қаласы» тарауы аталған қаулыға 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік сандары 36-1, 36-2, 36-3, 36-4, 36-5, 36-6,
36-7 жолдарымен толықтырылсын:
«

36-1. «Старт» дүкені
(Жеке кәсіпкер)
«Рыбина Наталья Михайловна»)
Абай көшесі, 5
36-2. «ЦУМ сауда үйі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
(Жеке кәсіпкер)
«Вунукайнен Рита Владимировна»)
М.Горький  көшесі, 71
 36-3. «ЦУМ сауда үйі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
(Жеке кәсіпкер)
«Дегтярева Светлана Владимировна»)
М.Горький  көшесі, 71
36-4. «Орталық» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
(Жеке кәсіпкер)
«Вунукайнен Рита Владимировна»)
Қазақстан  көшесі, 72
36-5. «Заңғар» дүкені
(Жеке кәсіпкер)
«Поморцев Евгении Викторович»)
Қабанбай батыр көшесі, 144
36-6. «Евразия» сауда үйі»
«Русь LTD» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қабанбай батыр көшесі, 140
36-7. «Жардем» сауда үйі»
«Аргентум LTD» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан көшесі, 36

«Семей қаласы» тарауы мынадай мазмұндағы реттік сандар 61-1, 62-2,  63-3, 64-4, 65-5 жолдарымен толықтырылсын:
«

61-1. «Қазына сауда үйі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  «BUSINESS GROUP-AB» Шугаев көшесі, 28
62-2. «Park City сауда үйі Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «BUSINESS GROUP-AB»

 

Б.Момышұлы көшесі, 20-А
 63-3. « Жансая  Сауда кешені Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «BUSINESS GROUP-AB Ауэзов  көшесі, 5
64-4. «Арғымақ сауда үйі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «BUSINESS GROUP-AB Засядко көшесі, 89
65-5. «Апрель сауда үйі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «BUSINESS GROUP-AB Қабылбаев көшесі, 3

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі  Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.09.2018 / 03.09.2018