Қаулы жобалары

Зырян ауданының аумағында орналасқан жер учаскесінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Скачать

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 03/740 ұсынымы негізінде, карантин нысаны – алтын түсті картоп жұмырқұртының (globoder rostochiensis) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Зырян ауданы Зырян қаласының Гастелло көшесі, 88 бойынша аумақта орналасқан, Т.А. Капыловаға тиесілі алаңы 0,12 га жер учаскесінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (А.М. Кәрімов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.

3. Зырян ауданының әкімі (Н.Т. Тоқсейітов), Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (А.Ш. Жақыпбаев) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Облыс әкімінің аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының  әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 23.08.2018 / 23.08.2018