Қаулы жобалары

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2016 жылғы 29 қаңтардағы  № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 17038) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 44-тармағына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурстық комиссия отырысының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 2 хаттамалық шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.08.2018 / 01.08.2018