Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныс енгізу туралы 

Скачать

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің     50-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Шығыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерлерiн белгiлеу бойынша ұсыныс осы шешім мен қаулыға қосымшаға сай енгізілсін.

Сессияның төрағасы Б. Нұрасыл 

Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Облыс әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.07.2018 / 28.09.2018