Қаулы жобалары

«Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Скачать

«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2526, «Дидар» газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 23, «Рудный Алтай» газетінің 2010 жылғы  18 ақпандағы № 23 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:

«Бесқарағай ауданы» 1- бөлімінде:

2), 3) жолдары алынып тасталсын;

«Күршім ауданы» 7 - бөлімінде:

3), 8) жолдары алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 15 - бөліммен толықтырылсын:

15. Абай ауданы

1)

Рысай көлі

240,0

табиғи

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 12.07.2018 / 12.07.2018