Қаулы жобалары

«Субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша 2018 жылға квоталарды айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Скачать

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына, «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы
12 желтоқсандағы № 4-2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығына, «Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 4-2/1048 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13052) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша
2018 жылға квоталарды айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5484, 2018 жылғы
26 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2018 жылғы 27 ақпанда № 24 (17572) «Дидар», 2018 жылғы 27 ақпанда № 24 (20084) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулыға 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.07.2018 / 10.07.2018