Қаулы жобалары

2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 бірлікке (литр, килограмм) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13717) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы
№ 11-2-8/15397 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литр, килограмм) арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.06.2018 / 18.06.2018