Қаулы жобалары

«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                    23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 157 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 16708) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 286 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4250, 2015 жылғы 26 қыркүйектегі «Дидар», 2015 жылғы 25 қыркүйектегі «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсiмдi (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің        2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2 қосымшаларына сәйкес үлгілерде өтiнiшi не көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталда электрондық сұрау салуының болуы негiздеме болып табылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға; нотариат куәландырған сенімхат бойынша жеке тұлға) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

Электрондық сұрау салуды дайындау және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау тәртiбi:

Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн электрондық сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерiн енгiзуi;

Мемлекеттік корпорация операторының қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлiгiнде электрондық сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуi, оларды электрондық сұрау салу нысанына бекітуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған электрондық сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландыруы;

Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген құжаттарын тексеруі (өңдеуі);

көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда, оған тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;

Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (қызмет алушының электрондық сұрау салуын) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға жіберуі;

электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға тіркеуі;

көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлiкті, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасын не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабын алуы.

Көрсетілетін қызметті берушіге электрондық сұрау салуды жіберуге уәкілетті құрылымдық бөлімшелер немесе лауазымды тұлғалар:

Мемлекеттік корпорация операторы.

Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл реттілігі және мерзімдері, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, электрондық сұрау салуларын қалыптастыру және жолдау рәсімдері (іс-қимылдары):

1-процесс – мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорация ЫАЖ-ға логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшiн электрондық сұрау салу нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерiн енгiзуi;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы деректері туралы электрондық сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ-ға жолдауы;

1-шарт - ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерiнiң болуын тексеру;

4-процесс - ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы бөлiгiнде электрондық сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуi, оларды электрондық сұрау салу нысанына бекітуі және мемлекеттік қызмет көрсетуге толтырылған электрондық сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландыруы;

2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қызмет көрсетуге негіз болып табылатын қоса берген құжаттарының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

7-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған               (қол қойылған) электрондық құжатты (қызмет алушының электрондық сұрау салуын) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға жіберуі; 

8-процесс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу;

9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырылған өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәлікті, өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасын не құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабын алуы.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық сұрау салу нәтижесін алу процесі:

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталған соң жүгінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – Стандарттың 4-тармағына сәйкес;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілік тәртібі осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграмасында көрсетілген:

көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігі немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольдың көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады):

1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН және пароль арқылы порталда тексеру;

2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталдың авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметтi таңдауы, қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымдық және форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізуі), электрондық сұрау салу нысанына Стандарттың                    9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде тіркеуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен тіркеу куәлігін таңдауы;

2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольдың қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ, сәйкестендіру деректерінің (электрондық сұратуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольдың түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5-процесс – қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуды көрсетілетін  қызметті алушының ЭЦҚ немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік пароль арқылы куәландыру және өңдеу үшін электрондық құжатты (электрондық сұрау салуды) ЭҮП арқылы АЖО-ға жолдау;

6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің  АЖО-сына тіркеу;

3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарының Стандартта көрсетілген құжаттар тізбесіне және  қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сы қалыптастырған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы пайдаланылып қалыптастырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс-қимылдар мен шешімдер:

1-процесс – қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-сына ЖСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);

2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің  көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

3-процесс – қызмет алушы  деректері туралы электрондық сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ МДБ-ға  жолдау;

1-шарт – ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерiнiң болуын тексеру;

4-процесс – ЖТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің электрондық сұрау салу нысанының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз түрінде болуы туралы бөлiгiн толтыруы, оларды электрондық сұрау салу нысанына тіркеуі және қызмет көрсетуге толтырылған электрондық сұрау салу нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ немесе ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландыруы;

6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің   АЖО-сына тіркеу;

2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қоса берілген құжаттардың Стандартта көрсетілген құжаттардың тізбесіне  және қызмет көрсету үшін негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтардың болуына байланысты сұратып отырған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының  мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.»;

«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.06.2018 / 06.06.2018