Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарын қайта атаутуралы

Скачать

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының
10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996ж., №11, 81-б.) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Мынадай мәдениет және білім беру ұйымдары:

1)Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мекемесіне қарасты Самар мәдениет үйін–Иван Федосов атындағы Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің «Бос уақыт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны мекемесіне қарасты мәдениет үйі;

2)Шығыс Қазақстан облысы «Ұлан ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Қазанның 17 жылы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі–Шығыс Қазақстан облысы «Ұлан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесідеп қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.05.2018 / 24.05.2018