Қаулы жобалары

Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Скачать

«Мемлекетік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан  облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

2. Облыс әкімінің аппараты,  облыстың қаржы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 24.05.2018 / 24.05.2018