Қаулы жобалары

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 229 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 27 бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"  2013 жылғы Қазақстан Республикасы заңының 16 бабына, «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына, «Медициналық қызметтің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы »Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 83 бұйрығы (мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нормативтік құқықтық актілерді 16742 мемлекеттік тіркеу  нөмірімен тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің  2015 жылғы 10 қыркүйекте № 229  қаулысына келесі  өзгерістер енгізілсін. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу нөмірімен  4172 тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Дидар" газетінде, 2015жылғы 9 желтоқсанда "Рудный Алтай" газетінде жарияланды:

 «Медициналық қызметке лицензия беру» көрсетілген қаулы бойынша мемлекеттік қызмет регламентін осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жариялансын.

2. Облыс әкімінің аппараты,  облыстық  денсаулық сақтау басқармасы  заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3)  осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы аймағында таратылатын, оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.05.2018 / 18.05.2018