Қаулы жобалары

Іздеушіліктің аумағын анықтау туралы

Скачать

Іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы

2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 264 бабына сәйкес, «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 2 тармақшасы, 2018 жылғы 23 ақпандағы № 20-р «Қазақстан Республикасы Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің өкімімен, 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» және 2017 жылғы27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойыншаҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне және шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес іздеушіліктін қоса беріліп отырған аумақты бекітсін.

2. «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз баспа және электрондық түріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейінШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Е. К. Аймукашевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы 2018 жылғы 29 маусымда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 14.05.2018 / 12.07.2018