Қаулы жобалары

«Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 16719) бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5509, «Дидар» газетінде 2018 жылғы 29 наурызда, «Рудный Алтай» газетінде 2018 жылғы 29 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:  

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 04.05.2018 / 04.05.2018