Қаулы жобалары

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Скачать

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы  7 желтоқсандағы № 396 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16128 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 160 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда, 2015 жылғы 10 тамыздағы № 93 «Рудный Алтай», 2015 жылғы 11 тамыздағы  № 90 «Дидар» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелері облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының  әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 03.05.2018 / 03.05.2018