Қаулы жобалары

Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы

Скачать

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 94,8173 гектар жалпы алаңымен көрсетілген ауданның жерлерінен бір бөлігін Өскемен қаласының шегіне қосу жолымен «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының, Глубокое ауданының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/168-VI шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі  № 248 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.04.2018 / 19.04.2018