Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха, Ұлан аудандарының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Бородулиха ауданының елді мекендері мен елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы  22 желтоқсандағы №17-9 шешімі және Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 235 қаулысы, «Ұлан ауданы 17 километр ауылын қайта атау туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қаңтардағы №160 шешімі және Ұлан ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 4 қаңтардағы №4 қаулысы негізінде, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 2 наурыздағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Ұлан аудандарының кейбір елді мекендері:

Вознесеновка ауылы Қызылтай ауылы;

Пролетарка ауылы Ақши ауылы;

17 километр ауылы Сарыөзек ауылы болып қайта аталсын.

2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Л. Тұмашинов    

Облыс әкімі Д. Ахметов

Облыстық мәслихат хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.03.2018 / 15.03.2018