Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір көшелеріне  атау беру және қайта атау туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы
27 қарашадағы және 2018 жылғы 2 наурыздағы қорытынлары негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының кейбір көшелері:

1)       Мельзавод тұрғын үй маңындағы:

№ 1 көшесін – Ақтоған көшесі;

2)  Меновное ауылына айналма автомобиль жолы маңындағы:

№ 1 көшесін –Керуен көшесі;

№ 2 көшесін –Шұғыла көшесі;

№ 3 көшесін – Саялы көшесі;

№ 4 көшесін –Ақниет көшесі;

№ 5 көшесін – Ынтымақ көшесі;

№ 6 көшесін – Көкжиек көшесі;

3)       Высоковольтная 57 көшесі маңындағы:

№ 1 көшесін – Орманды көшесі;

№ 2 көшесін – Шиелі көшесі;

№ 3 көшесін – Шуақты көшесі;

№ 4 көшесін – Керемет көшесі;

№ 5 көшесін – Рауан көшесі;

№ 6 көшесін – Ақбұлақ көшесі;

4)       А.С. Күленов атындағы 16-шы тұрғын ауданындағы:

№ 1 көшесін – Жоталы көшесі;

5)       Бастау көшесі маңындағы:

№ 1 көшесін – Қайнар көшесі;

6)        19 және 20 тұрғын ауданы арасындағы:

№ 1 даңғылын – Бейбітшілік даңғылы;

7)       23-ші тұрғын ауданындағы:

№ 1 көшесін – Бостандық көшесі;

8)       Ахмер ауылындағы:

№ 1 көшесін – Жаңажол көшесі;

№ 2 көшесін – Күнбатыс көшесі;

№ 3 көшесін – Өрнек көшесі деп аталсын.

2  Карл Маркс даңғылы Қазыбек би даңғылы деп қайта аталсын.

3. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Л. Тұмашинов    

Облыс әкімі Д. Ахметов

Облыстық мәслихат хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.03.2018 / 15.03.2018