Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай  ауданының әкімшілік- аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Катонқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 сәуірдегі 10/89-VI шешімі мен Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 144 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:  

Жамбыл ауылдық округінің Маралды ауылы;

Ново-Поляковка ауылдық округінің Ульяновка ауылы.

2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

Жамбыл ауылдық округінің Маралды қонысының шекаралары өзгертіле отырып, Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының құрамына;

Ново-Поляковка ауылдық округінің Ульяновка қонысының шекаралары өзгертіле отырып, Ново-Поляковка ауылдық округінің Қаражал ауылының құрамына енгізілсін.

2. Осы бірлескен шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы Л.Тұмашинов
Облыс әкімі Д. Ахметов
Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.03.2018 / 15.03.2018