Қаулы жобалары

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі  № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 16152 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің  2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4348, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда, 2016 жылғы 22 ақпандағы № 20 (17260), 2016 жылғы 24 ақпандағы № 21 (17261), 2016 жылғы 26 ақпандағы № 22 (17262) «Дидар», 2016 жылғы 20 ақпандағы № 20 (19772), 2016 жылғы 23 ақпандағы № 21 (19773), 2016 жылғы 25 ақпандағы № 22 (19774) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

« 1. Қоса беріліп отырған:

1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;

3) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

4) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

5) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

6) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

7) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

8) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

9) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

10) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

11) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

12) «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

13) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

14) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

15) «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

16) «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

17) «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

18) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

19) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;

аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 4 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет регламенті осы қаулыға 5 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 6 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, осы қаулыға 7 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 8 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және жауапты орындаушы - маманды тағайындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы жәрдемақы есебін және мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі құжаттарды дайындайды, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама қалыптастырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындалу ұзақтығы –  3 (үш) жұмыс күні;

4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының тағайындалған жәрдемақы сомасының есебін тексеруі және көрсетілетін қызметті алушыға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы –  1 (бір) жұмыс күні;

5 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің маманы жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толық топтамасы тіркелген күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні.

Порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап – 30 (отыз) минут;

мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің құжаттарды қабылдауы болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы және орындаушыны анықтауы болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің маманының жәрдемақы сомасының есебін дайындауы болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының жәрдемақы сомасының есебіне және көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаға қол қоюы болып табылады, ол 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Мемлекеттік корпорацияға хабарламаны жіберу болып табылады.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдерді (іс-қимылдардың) сипаттамасы:

1 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

2 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау және жауапты орындаушы - маманды тағайындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

3 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы жәрдемақы есебін және мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі құжаттарды дайындайды, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама қалыптастырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні;

4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының тағайындалған жәрдемақы сомасының есебін тексеруі және көрсетілетін қызметті алушыға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

5 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің маманы жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінуге құқылы, стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар ұсынады.

Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылдың, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушілердің сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсімдерінің                  (іс-қимылдардың) реттілігі мен мерзімдері:

1 - іс-қимыл - көрсетілетін қызмет алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды өзімен бірге алып барып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын Мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) арқылы тексереді. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

1 - шарт – көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері стандарттың  9-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы стандарттағы 3 қосымшаға сәйкес қолхат береді;

2 - іс-қимыл – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушыдан қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

3 - іс-қимыл - көрсетілетін қызметті беруші басшысының құжаттарды қарауы және жауапты орындаушыны - көрсетілетін қызметті берушінің маманын тағайындауы. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні;

4 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы жәрдемақы есебін және мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі құжаттарды дайындайды, көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама қалыптастырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні;

5 - іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының тағайындалған жәрдемақы сомасының есебін тексеруі және көрсетілетін қызметті алушыға жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаға қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

6 - іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің маманы жәрдемақы тағайындау туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

7 - іс-қимыл – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде тағайындалған жәрдемақы туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басты куәландыратын тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде хабарламаны береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толық топтамасын тіркеген күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап - 30 (отыз) минут;

мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.»;

аталған қаулымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызметті берушісі аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

4) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.»;

5-тармақтың екінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, порталға және Орталыққа құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 15 (он бес) минут.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. Орталықпен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің (іс-қимылының) реттiлiгi мен мерзiмдерi:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Орталыққа жүгінеді және стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) минут;

2-іс-қимыл – Орталық басшысы құжаттарды қабылдап өзінің рұқсатын қойып Орталық маманына жолдайды. Орындалу ұзақтығы - 3 (үш) минут;

3-іс-қимыл – Орталық маманы өтінішті қарастырады, қызметалушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларды хабарландыру журналының тізімінде болмауын тексереді. Орындалу ұзақтығы - 3 (үш) минут;

4-іс-қимыл – Орталық маманы мемлекеттік көрсетудің нәтижесін қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) минут;

5-іс-қимыл –Орталық маманы анықтама береді. Орындалу ұзақтығы - 2 (екі) минут.

Орталыққа құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) минут.»;

аталған мемлекеттік қызмет регламентіне 4 қосымша осы қаулыға 9 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:

1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн iс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорация қызметкерінен қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді «Оралман» республикалық деректер қорына (бұдан әрі – «Оралман» РДҚ) енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы оралман куәлігін ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат;

4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оралман куәлігіне қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы оралман куәлігін  Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.

Қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, оның құжаттарының толық топтамасын қызметті беруші тіркеген күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.

Аудандық (қалалық) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар пакетін және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізуді қамтамасыз ету үшін - 5 (бес) жұмыс күні.

Қызмет алушының құжаттары топтамасы стандарттың 9 тармағында қарастырылған тізімге сәйкес толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкерімен стандарттың 2 қосымшасындағы нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі:

1) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 13) тармақшасында бекітілген шарттарға үміткер сәйкес келмеген;

2) этникалық қазақтардың оралман мәртебесін алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған кезде.»;

6 тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызметінің нәтижесi мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға беру болып табылады.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:

«3) Мемлекеттік корпорация қызметкері»;

8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң  (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы Мемлекеттік корпорация қызметкерінен қызмет алушының өтінішін, қажетті құжаттар топтамасымен қабылдайды және хабарламада қолын қояды. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді «Оралман» РДҚ-ға енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы оралман куәлігін әзірлейді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат;

4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оралман куәлігіне қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы оралман куәлігін Мемлекеттік корпорацияға береді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні.»;

9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:

Мемлекеттік корпорациясымен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызмет берушiлердiң сұранымдарын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің реттiлiгi мен мерзiмдерi:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарымен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Тиісті құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат беріледі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

2-іс-қимыл – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттар топтамасын көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды. Орындалу ұзақтығы –  2 (екі) жұмыс күні;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы құжаттар топтамасын  Мемлекеттік корпорация қызметкерінен қабылдайды және өтінішті тіркейді. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;

4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді «Оралман» РДҚ-ға енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат;

5-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы оралман куәлігін әзірлейді. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) сағат;

6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оралман куәлігіне қол қояды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күн;

7-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің маманы оралман куәлігін  Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

8-іс-қимыл - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін береді. Орындалу ұзақтығы –  20 (жиырма) минут;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық топтамасын тіркеген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

Құжаттар топтамасын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін жеткізуді қамтамасыз ету үшін аудандық (қалалық) Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне өтініш білдірген кезде - 5 (бес) жұмыс күні.»;

аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша осы қаулыға 10 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.»;

аталған қаулымен бекітілген «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет регламенті.»;

1-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі жергілікті атқарушы орган – «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс беруші) өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:»;

3-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген қайта ресімделген және ұзартылған рұқсат (бұдан әрі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат) не стандарттың 10 тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 қосымшаларының оң жақтағы жоғары бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда жазылсын:

«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша».

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік  қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.03.2018 / 15.03.2018