Қаулы жобалары

«Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 518 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 15966) бұйрықтарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің  2015 жылғы  20 тамыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4148, 2015 жылғы  21 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылғы 13 қазандағы № 117 (17206), 2015 жылғы 15 қазандағы № 118 (17207), 2015 жылғы 17 қазандағы № 119 (17208), 2015 жылғы 20 қазандағы     № 120 (17209) «Дидар», 2015 жылғы 12 қазандағы № 120 (19719), 2015 жылғы  14 қазандағы № 121 (19720) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімі аппараты, облыстың білім басқармасы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 14.03.2018 / 15.03.2018