Қаулы жобалары

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110  бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 14637) негізінде, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы № 2-НҚ нормативтік қаулысының (Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тзілімінде № 4782 тіркелген, 2017 жығы 24 қаңтарда «Дидар» газетінің №9 (17404), «Рудный Алтай» газетінің № 9 (19916) сандарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы нормативтік қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы С. Оразалиев

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 14.03.2018 / 15.03.2018