Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Скачать

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 587-бабының 1, 3-тармақтарына, 588-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін мынадай төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін:

1) 1 қосымшаға сәйкес шайыр мен ағаш шырындарын дайындау үшін;
2) 2 қосымшаға сәйкес қосалқы ағаш ресурстарын дайындау үшін;

3) 3 қосымшаға сәйкес орманды жанама пайдалану үшін;
4) 4 қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық  шаруашылығының мұқтаждығы, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық, ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану үшін;

5) 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарын және арнаулы мақсаттағы плантациялық көшеттер өсіруге пайдалану үшін.

2. 6 қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Л. Тұмашинов

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы В. Головатюк

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 05.03.2018 / 05.03.2018