Қаулы жобалары

«Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабы 2-тармағының4-6) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысыныңәкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекітутуралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3981 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2015 жылғы 15 маусымда, 2015 жылғы 15 маусымдағы № 67 «Дидар» (17156) және 2015 жылғы 13 маусымдағы № 68 «Рудный Алтай» (19667) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларының:

16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Егер тұтынушы тұтынылған энергияға төлем жасамағаны үшін белгіленген тәртіппен ажыратылатын болса, онда оны қайта қосу қарыз өтелгеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет ажырату кезінде (бір реттен көп) оны қосу қарызын өтегеннен кейін және қосқаны үшін төлем жасағаннан кейін жүргізіледі.».

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты», «Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыныңаумақтық әділет органындамемлекеттік тіркелуін;

2)осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткенненкейінкүнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялау үшін Шығыс Қазақстан облысыаумағында таратылатынмерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

4) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімініңинтернет-ресурсына орналастырылуынқамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.03.2018 / 02.03.2018