Қаулы жобалары

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға рұқсат берілсін және олардың орналасатын жері айқындалсын.

2. Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін.

Шығыс Қазақстан облысының Д. Ахметов әкімі

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.03.2018 / 01.03.2018