Қаулы жобалары

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,  діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерін (ғимараттарынан) тыс жерлердедіни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына толықтырулар енгізу

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды,  діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерін (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқытық жүйесінде, 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83(17020) «Дидар», 2014 жылғы 21 шілдедегі № 82 (19529) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мындай толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулыға 1-қосымшада:
Мынандай мазмұндағы реттік саны 65-1, 65-2 жолымен толтырылсын:
«

65-1  «Быт-Сервис» ЖШС ғимараты
(Жеке кәсіпкер
«Проскурякова Галина Григорьевна»)
Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы,  Чапаев көшесі, № 41үй
65-2 «Быт-Сервис» ЖШС ғимараты
(Жеке кәсіпкер
«Гуслякова Нина Александровна»)
Шемонаиха ауданы,
Шемонаиха қаласы,    Чапаев көшесі, № 41үй

». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.03.2018 / 01.03.2018