Қаулы жобалары

Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарын қайта атаутуралы

Скачать

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Заңы
10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы5 наурыздағы№281 қаулысынасәйкес(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996ж., №11, 81-б.) Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру ұйымдары:

1)Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Маяковский атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі– Жарма ауданы білім бөлімінің«Салқынтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2)Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Шевченко атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі–Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Қаражал негізгі мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Өскемен қаласы әкімдігінің «Крупская атындағы негізгі орта мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі –Өскемен қаласы әкімдігінің«Негізгі мектеп-интернаты»коммуналдық мемлекеттік мекемесіболып қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 02.02.2018 / 02.02.2018