Қаулы жобалары

«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Скачать

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 11052 нөмірімен тіркелді) сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 4177 нөмірімен тіркелген) мына өзгерістер енгізілсін:  

«Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны әділет аумақтық органында мемлекеттік тіркеуді;

2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бағыттауды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға облыс аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына бағыттауды;

4) осы қаулыны, ол ресми жарияланған соң Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Жобаның толық нұсқасы Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің akinvko.gov.kz ресми сайтында орналасқан

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.01.2018 / 15.01.2018