Қаулы жобалары

Субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша 2018 жылға квоталарды айқындау туралы

Скачать

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының  2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына, «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы
12 желтоқсандағы № 4-2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығына, «Тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 4-2/1048 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13052) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша
2018 жылға квоталар:

1) бірегей тұқымдар бойынша - осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған әрбір субъект үшін;

2) элиталық тұқымдар бойынша - осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін айқындалсын.

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Ш.З. Байбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Комментарии (0)




Разрешённые теги: <b><i><br>Жаңа пікір қосу


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.01.2018 / 09.01.2018